Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұрпағыңның көп екенін біліп жүретін боласың. Өзіңнен тараған үрім-бұтағың жер бетіндегі шөптей мол болмақ. Суға қанығады Жаратқанның ағаштары,Өзі өсірген Ливан самырсындары. Болашақта Жақыптың үрім-бұтағы —Исраил халқы қайта тамыр жаяды.Гүлдейді олар әлі бүршік жарады,Жемісімен жердің бетін толтырады». Мен Исраилді жерге түскен шықтай сергітетін боламын. Сонда Исраил лалагүлдей жайнайды, әрі Ливан тауындағы самырсын ағаштарындай тамырларын тереңге жібереді. Содан соң Мен белгі беріп шақырып, оларды жинаймын, себебі Өзім құнын төлеп құтқарып алдым. Олар енді бұрынғыша өсіп-өніп көбейетін болады. Сендер «төрт айдан кейін егін орамыз» дейсіңдер. Ал Мен сендерге былай деймін: көздеріңді ашып, егіндіктерге қараңдар, олар жинауға дайын пісіп тұр.
Выбор основного перевода