Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оның Өзі саған ақыл-парасат сыйлай көрсін! Осылайша Ол сені Исраилдің басқарушысы еткенде, Құдай Иеңнің Таурат заңын сақтайсың. Осындай жанды Жаратқан Ие жарылқайды,Құтқарушы Құдай оны рақыммен ақтайды. Мейірімімді оған мәңгі сақтаймын,Келісімімнен ешқашан бас тартпаймын. Дәйім оның ұрпағын нығайтамын,Тағын да көк іспетті шексіз орнатамын. Ал ұлдары тастаса Таурат заңымды,Әрі орындамаса бұйрықтарымды, Егер бұзып жатса ережелерімді,Сақтаудан бас тартса өсиеттерімді, Онда күнәлары үшін таяқпен ұрамын,Зұлым істері үшін қамшымен соғамын. Ал Дәуіттен мейірімімді қайтып алмаймын,Өз адалдығымнан ешқашан таймаймын, Мен Келісімімді еш уақытта бұзбаймын,Аузымнан шыққан сөзді өзгертпеймін. Мен Дәуітке ант еткенмін біржолата,Қасиеттімін, жалғандық айтпаймын да: Әулеті жалғасады шексіз уақытқа,Оның патшалық тағы Менің көз алдымда,Күн іспетті ол әрдайым бар болады да, Патша әділдікпен билік жүргізіп, ақиқат пен адалдықты берік ұстануға белін бекем буады. Содан соң аспан астындағы бүкіл патшалықтардың билігі, құдіреті және салтанатты ұлылығы Құдай Тағалаға бағышталған халыққа тапсырылады. Оның Патшалығы мәңгілікке орнайды. Билеуші атаулының бәрі де Оған сиынып, мойынсұнатын болады». Сол күні Жаратқан Иенің Өзі Иерусалимде тұратындарды қорғайды. Сол себепті олардың арасындағы ең әлсіз дегені Дәуіттей мықты болады. Ал Дәуіттің әулеті оларды Құдайдың Өзіндей, Жаратқан Иенің періштесіндей бастап алып жүреді. Әкенің Өзі ешкімді соттамай, барлық сотты Оған тапсырған.
Выбор основного перевода