Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әділ жан құрма ағашындай өркендейді,Ливандық самырсындай өсіп биіктейді, Сонда Иеміз халықтар арасындаТөрелік етіп, көптеген ұлттарғаШығаратын болады әділ үкімін.Енді олар төс үстінде қаруларынҚайта соғып соқаға қылыштарынАйналдырады, ораққа найзаларын.Содан халықтар енді қайтып ешқашанБір-біріне қарсы қару көтермейді,Олар соғысуды тіптен үйренбейді. Оның құрған билігі арта түсіп,Орнатқан тыныштығы шексіз болады,Өзі Дәуіттің тағына отырып,Мәңгі патшалығын сол кезден бастайды,Әділдікпен нығайтып, жалғастырып,Ақиқатты да ұстанатын болады.Барлық қайрат-жігерімен бұлардыӘлемнің Иесі іске асырады! Сол кезде тіпті иен дала мен құла түз қуанып, меңіреу дала да шаттанып, сарғалдақтар гүлдейді. Мен Исраилді жерге түскен шықтай сергітетін боламын. Сонда Исраил лалагүлдей жайнайды, әрі Ливан тауындағы самырсын ағаштарындай тамырларын тереңге жібереді. Сонда Иеміз көп халықтар арасындаТөрелік етіп, алыс та алып ұлттарғаШығаратын болады әділ үкімін.Енді олар төс үстінде қаруларынҚайта соғып, соқаға қылыштарынАйналдырады, ораққа найзаларын.Содан халықтар енді қайтып ешқашанБір-біріне қарсы қару көтермейді,Олар соғысуды тіптен үйренбейді. Мәсіх — татулығымыздың Бастауы: Ол екі топқа бөліп тұрған қабырғадай өштестікті жойып, алып тастап, екі жағын біріктірді.
Выбор основного перевода