Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
онда ол сол адамға тазару рәсімін орындау үшін екі тірі адал құсты, біраз самырсын ағашын, қырмызы жіп пен сайсағыз бұтақшасын әкелуге бұйырсын. Діни қызметкер тірі құсты қолына ұстап алып, самырсын ағашымен, қырмызы жіппен және сайсағыз бұтақшасымен бірге таза су үстінде шалынған құстың қанына малып алсын. Діни қызметкер жұқпалы тері ауруынан тазару рәсімінен өтіп жатқан адамға қанды жеті рет бүріксін. Содан соң оны таза деп жарияласын. Ал тірі құсты далаға босатып жіберсін. Діни қызметкер сол үйге тазару рәсімін жасау үшін екі құсты, біраз самырсын ағашын, қырмызы жіп пен сайсағыз бұтақшасын алсын. Мені әділетсіздігімнен арылтып,Күнәларымнан түгел тазарта гөр. Жаратқан Ие былай деп шақырады: «Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын. Алдымен Мұса пайғамбар бүкіл Исраил халқына Таурат заңының барлық өсиеттері мен ережелерін жариялаған еді. Содан кейін құрбандыққа шалынған бұзаулар мен қошқарлардың қанын алып, су қосты да, сайсағыз бұтақшалары мен аздаған ал қызыл түсті жүнді соған малып алып, Келісім кітабына және бүкіл халыққа бүркіп тұрып:
Выбор основного перевода