Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.) Мейірленіп, Құдай, рақым етші маған,Өйткені үмітімді артамын Саған,Пәле-жала өткенше бас сауғалайын,Қанатыңның аясын паналайын. Халқымен жасаған Келісімін ескерді,Зор рақымымен оларды есіркеді, Уа, Жаратқан Ие, бізге рақым көрсете гөр! Саған сенім артып, Сені күтетін боламыз. Таң атқан сайын бізге күш-қуат сыйлап, қиын-қыстау кезеңде құтқара гөр! Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын! Аббақұқ пайғамбардың Құдайға еткен мінажаты; екпінді әуенмен айтылады. Уа, Жаратқан, Сенің даңқың жайлы естігенмін,Ием, істеріңе қатты таңырқап келемін.Осы заманда да сондайларды жасай гөр,Тірі кезімізде оларды паш ете гөр,Қаһарыңда мейіріміңді ескере гөр. Киелі Құдай Теманнан, Паран тауынан келді.Ұлы салтанаты Оның жапты күллі аспанды,Оны дәріптеген мадаққа жер беті кенелді. Құдай нұры таң шапағындай жарқырады,Құдіретті қолынан сәулелер жалтырады. Жаратқан Иенің алдында апат жүрді,Ал соңынан күйдіргіш індет те ерді. Құдай тұра қалып, жерді сілкіндірді,Ол қарағанда халықтар дірілдеді.Ежелгі таулар опырылып құлады,Атам заманғы төбелер шөгіп қалды.Мәңгілік — Киелі Құдайдың жолдары! Көрдім Құшанның абыржыған шатырларын,Дірілдеп қорыққан Мадиянның қостарын. Уа, Жаратқан, өзендерге ашуландың ба,Қаһарың ағымдарға бағытталған ба?Сен аттарыңа мініп, атойлағандаТеңізге қарсы қатты қаһарландың ба?Жоқ, күймелеріңді жібердің құтқаруға! Сен садағыңды қынабынан шығардың,Отты жебелерді уәдеңе сай дайындадың,Жер бетін сай-аңғармен бөліп тастадың. Таулар Сені көргенде дүр сілкінді,Су тасқыны ағып өтіп лап берді,Түпсіз тұңғиық гүрілдеп күркіреді,Толқындары биікке көтерілді. Ұшқан жебелеріңнің жарығында,Жалтыраған найзаңның жарқылындаТып-тыныш тұра қалды күн де, ай да. Қаһарлана жер бетімен қадам бастың,Ашулана халықтарды таптадың. Құтқаруға аттандың Сен халқыңдыЖәне Өзің тағайындаған патшаңды.Зұлым елдің әміршісін күйреттің,Оны толықтай ұятқа қалдырдың. Жау құйындай құйғытып бізді шашпақ болғанда,Тығылған байғұсты қуана жалмамақ болғанда,Қолбасшының басына өз найзасын сұғып алдың, Аттарыңның тұяғымен теңізді таптадың,Зәулім су иірімі арқылы жол салдың. Естігенде жүрегім дүрсілдей соқты,Зор гүрілден еріндерім қалтырады,Сүйектерім әлсіреп, күштен айырылды,Аяқ астым қалш-қалш етіп шайқалды.Ал бізді тонап, талан-таражға салғанЕлдің өзі апатқа ұшырап жатқанКүнді шыдамдылықпен тосатын болам. Ал салық жинаушы алыста тұрып, тіпті назарын көкке көтеруге де батылы бармай, қолын кеудесіне қойып: «Я, Құдай, мен күнәкармын, рақым ете гөр!» — деп жалбарынады. Сондықтан теріс жолдан қайтыңдар! Сонда Құдай Ие күнәларыңды кешіріп,
Выбор основного перевода