Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Хатында ол былай деді: «Ұрияны ең қатты шайқас болып жатқан майданның алдыңғы шебіне қойып, оны өлімге қалдырып, өздерің кері шегініп кетіңдер!» Содан Жоғаб қоршалған қаланың ең мықты жауынгерлері орналасқан жеріне Ұрияны қойды. Қаланың адамдары шығып, Жоғабқа шабуыл жасады. Сонда Дәуіттің бірнеше жауынгері қаза тауып, ішінде хеттік Ұрия да болды. Неге Жаратқан Иеңнің өсиеттерін аяқ асты етіп, Оған жек көрінішті осындай зұлым істі жасадың?! Хеттік Ұрияны семсермен өлтіртіп, оның әйелін тартып алып, өзіңе әйел қылдың! Сен Ұрияны аммондықтардың семсерімен өлтірттің! Осындай жанды Жаратқан Ие жарылқайды,Құтқарушы Құдай оны рақыммен ақтайды. Шындығыңа сай бағыттап, нұсқай гөр.Себебі Құтқарушы Құдайымсың Сен,Күні бойы Саған үміт артамын мен. Күн сайын мен де Сені мақтап дәріптеймін,Әділдігіңді бар халыққа паш етемін. Сенің әділдігің және құтқаруыңТуралы мен күн ұзаққа айтудамын,Маған көрсетіп келген жақсылықтарыңСансыз, олардың бәрін біле алмаймын.
Выбор основного перевода