Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жақып халқына шешімдеріңді жеткізеді,Исраилге Таурат заңыңды үйретеді,Алдыңда хош иісті заттар түтетеді,Үстеліңде шалынған құрбандықты өртейді. Теңіз оларды дәулетті қылады,Құмнан да олар байлық тауып алады,Ұлттарды Құдайдың тауына шақырады,Оған адал құрбандық шалып ұсынады». Жаратқанға лайықты тарту арнаңдар,Оған сенім артып, мойынсұныңдар! Қасірет кезінде аузымнан шыққан,Қиындыққа тап болғанда тілім айтқан,Саған берген сертімді іске асырамын,Өртелмек құрбандықпен үйіңе барамын. Саған арнап семіз малдарды шаламын,Қошқар майын өртеп, жұпарын шығарамын,Бұқалар мен ешкілерді де ұсынамын. Сонда Ол күмісті балқытып, қоқысынан айырып тазартатын зергер іспетті леуіліктерді алтын-күмістей тазартып, зұлымдық атаулыдан арылтады. Содан кейін олар қайтадан Жаратқан Иеге арнап таза сый-тартулар ұсына алады.
Выбор основного перевода