Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай емес мүсіндерге табынды,Осылай қызғанышымды тұтандырды,Тәңірсымақтарымен Мені қаһарландырды.Сонда Мен халық сиқы жоқ бөтендер арқылыОлардың қызғаныштарын тұтандырамын,Иә, өздері түсінігі жоқ деп санайтынӨзге халықпен оларды ашуландырамын! Зорлықпен алып қоюға үміт артпа,Дүние-мүлік ұрлаймын деп те мақтанба,Дәулетің молайса, соған сенім артпа! Басқа ұлттардың түкке тұрғысыз жалған тәңірлері жаңбыр жібере ме? Әлде аспан өзінен-өзі нөсерді жаудыра ма? Жоқ, соны істейтін тек Сен ғана, уа, Құдайымыз Жаратқан Ие! Саған үмітімізді артамыз, өйткені осының бәрін де жасайтын Сенсің! Көңілім құлазып, үміт өшкенде,Уа, Тәңір Ием, Сені алдым есіме,Мінажатым құлағыңа жетті деСенің көктегі киелі үйіңде.
Выбор основного перевода