Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие саған бетінің нұрын төгіп рақымды бола көрсін, «Кім бізге жақсылық жасар?» деп сұрап,Күдік келтіреді көптеген кісілер.Уа, Жаратқан, жылы шыраймен қарап,Бет-жүзіңнің нұрын бізге төге гөр. Уа, Ием, маған нұрын төгіп бет-жүзіңнің,Үйрете гөр ережелеріңді Өзіңнің. Ал енді, уа, Құдайымыз, мендей қызметшіңнің мінажаттары мен өтініштеріне құлақ сала гөр! О, Тәңір Ие, қаңырап бос тұрған киелі үйіңе өз даңқың үшін қайтадан оң көзіңмен қарай гөр! Уа, Құдайым, құлағыңды бұрып, назар аудара гөр! Өз атыңмен аталған қаланың қаңырап бос жатқанына көз сала гөр! Біз өз әділдігімізге емес, тек Сенің орасан рақымыңа ғана сүйеніп Өзіңе өтініш жасаймыз.
Выбор основного перевода