Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жүзі жылтыр семсерімді қайраймын,Үкім орындап оны қолда ұстаймын,Бар жауымды әділдікпен жазалаймын,Мені жек көргендерге жазасын тартқызамын, Біреудің басына ауыртпалық түскенде, сен «Оны қолдай гөр!» деп сиынасың. Сонда Құдай сол бейшараны аман сақтап қалады. Уа, Ием, мені көрден алып қалдың,Ажалдан жанымды арашаладың. Қастерлеңдер Иені, Оның қасиеттілері!Жоқшылық қинамайды Оны қастерлейтіндерді. Уа, әлемге Үкім Шығарушы, көтеріле гөр,Менменге тиісті жазасын тартқыза гөр! Иеміз Өзін сүйетіндердің бәрін қорғайды,Ал барлық зұлымдарды Ол талқандайды. Менмендік адамның мерейін түсірер,Кішіпейілдік оны құрметке жеткізер. Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».
Выбор основного перевода