Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол заматта жер дірілдеп сілкінді,Аспанның негізі шайқалып дірілдеді,Өйткені Құдай қаһарына мінген еді. О, Құдай, халқыңды Мысырдан бастап шыққанда,Айдалада оны ертіп жүріп отырғаныңда, Жер сілкініп, аспаннан жаңбыр қатты құйылды,Уа, Құдай, көз алдыңда Синай тауында,Исраил сиынған Өзіңнің алдыңда. Құйында Сенің даусың күркіреді,Жай оты әлемге жарығын түсірді,Һәм жер беті шайқалып дірілдеді. Жаратқанның атын атап сиындым:«Уа, Ием, құтқаршы мені!» — деп шақырдым. Иеміз қорғайды ақпейіл жандарды,Мүшкіл халімнен Ол мені құтқарып алды. Бірақ Жаратқан Ие — шынайы Құдай! Ол — тірі Құдай әрі мәңгілік Патша! Ол қаһарланғанда жер сілкініп, ұлттар Оның қаһарына төтеп бере алмайды. Олар сиынып болғаннан кейін өздері жиналып отырған жер қозғалып кетті. Бәрі Киелі Рухқа кенеліп, Құдай сөзін батылдықпен уағыздады. Кенеттен жер қатты сілкініп, түрменің іргесі шайқалып кетті. Сол сәтте барлық есіктер ашылып, бүкіл тұтқындардың аяқтарындағы шынжырлары шешіліп түсіп қалды.
Выбор основного перевода