Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Жаратқан отырады көктегі тағында,Өзінің киелі ғибадатханасында,Иеміз бақылайды барлығын да,Сын көзбен қарайды адам баласына. Жаратқанға сиынып көз тіккендер жайнайды,Олар шаттанып, еш масқара болмайды. Арсыз мазақтаушылармен бас қосты,Маған қарсы тістерін қайрап бақты. Тек Өзіңе сиынамын күн туғанда басыма,Өйткені жауап бересің Сен мінажатыма. (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Мүшкіл халімде Иеме жалбарындым,Ол мінажатыма түрді құлағын. Жүніс балық ішінен Құдай Иесіне сиынып былай деп мінажат етті: «Қиын-қыстау кезімде, уа, Жаратқан Ием,Саған сиындым, жауап бердің де Сен.Сонда тұңғиықтың терең түкпіріненКөмек сұрап саған жалбарынған ем,Шақырған даусыма құлақ салдың да Сен. Көңілім құлазып, үміт өшкенде,Уа, Тәңір Ием, Сені алдым есіме,Мінажатым құлағыңа жетті деСенің көктегі киелі үйіңде.
Выбор основного перевода