Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай тіпті кінәлі адамды да құтқарады. Сонда осы кісі сенің қолың таза болғандықтан аман қалады. Осы істеген жақсылықтарың Жаратқан Иеден қайтсын! Сен Исраил сиынатын Құдай — Жаратқан Иенің қанаты астынан пана іздеп келдің. Ол сені молынан жарылқасын! — Сен бүгін де маған жақсылық жасап, соныңды ісіңмен дәлелдедің. Жаратқан Ие қолыңа беріп тұрғанның өзінде, сен мені өлтірмедің! онда Сен көктен құлақ асып, пенделеріңе төрелік ете гөр. Сол кісі кінәлі болса, істеген қылмысын мойнына арта гөр, ал кінәсіз болса, әділдігін әшкерелеп, ақтай гөр. Уа, Жаратқан, Сен халықтарды соттайсың,Мені ақтай гөр, Ием, әділ де адалмын. Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады,Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.
Выбор основного перевода