Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие қарсыластарын шайқалтады,Көктен күн күркіретіп қарсы шығады.Иеміз жер жүзіне үкім шығарады,Ол өз халқының патшасына күш сыйлайды,Тағайындаған сол басшысын қуаттайды. Самуил құрбандық шалып жатқан кезде жау шабуыл жасап жақындап келді. Бірақ Жаратқан Ие сол заматта өте қатты күн күркіретіп, філістірлердің зәресін ұшырып, олар бастары ауған жаққа қарай қаша жөнелді. Содан соң күркіреудің даусы шығады. Құдай керемет зор үнімен күркірейді. Онысы естілгенде Ол найзағайларына шек қоймайды. Жаратқанның даусы сулардың үстінде,Ұлылық Иесі — Құдай күркіреуде,Жаратқан гүрілдейді зор сулардың үстінде. Жаратқанның даусы тым құдіретті,Жаратқанның даусы асқан айбатты. Оның даусы самырсынды сындырады,Ливанның самырсындарын құлатады, Ливанның тауларын бұзаудай секіртеді,Хермон тауын жас бұқадай сілкінтеді. Жаратқанның даусы от-жалын шашады, Оның даусы иен даланы шайқалтады,Қадештегі айдаланы да сілкінтеді. Жаратқанның даусы емендерді сілкілейді,Орман ағаштарының жапырақтарын түсіреді.Киелі үйінде бәрі «Ұлылық!» деп айтады. Берген бұйрығыңнан кейін сулар безді,Күркіреген үніңнен олар дереу шегінді, Жаратқан Ие адамдарға Өзінің ғаламат зор үнін естіртіп, лаулаған қаһарымен күш-қуатын көрсетеді. Ол бәрін жалмайтын оттың жалынымен әрі дауыл, нөсер және ірі бұршақ арқылы Өзінің құдіретін танытады. Ол дауыс көтергенде аспандағы бұлттар күркірейді. Ол шалғай көкжиектен бұлттарды көтеріп, нөсер мен найзағай жібереді, сақтап қойған орнынан желді айдап әкеледі.
Выбор основного перевода