Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы оқиғалардан кейін Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп:— Ыбырам, қорықпа! Мен сені қалқандай қорғаймын. Саған берілер сыйлық аса зор болады, — деді. Құдай — Қорғанымыз жартастай мықты,Мүлтіксіз Оның іс-әрекеттері,Барлық жолдары Оның әділетті,Құдай сенімді, жоқ еш жалғандығы,Әрдайым Ол әділ әрі шынайы! Ешкім жоқ Жаратқан Иедей қасиетті,Жоқ Сенен өзге ешбір тәңір шынайы,Берік қорған да жоқ Құдайымыз сияқты! Қаналғандарға Жаратқан пана болады,Қиын жағдайда зәулім қорған боп тұрады, (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)Ұдайы паналаймын Жаратқан Иені,Қалайша қорқытпақсыңдар былай деп мені:«Кәне, кетші ұшып тауыңа құс секілді!» Күмән жоқ, Құдайдың жолы мінсіз,Жаратқанның сөзі де еш мүлтіксіз.Құдайға сенім артқан бар жандарғаОл — қалқандай қорған әрі берік баспана. Жаратқан Иеден басқа кім Құдай екен?Құдайымыздан басқа кім қорғайтын құз екен? Лайым менің аузымдағы сөздерімӘрі жан дүниемдегі ой-ниеттерімҰнамды болсын Саған, о, Жаратқаным.Өзіңсің жартастай мықты ҚорғанымҺәм Құтқарушым, уа, Жаратқан Ием. (Дәуіттің жыры.)Жаратқан — нұрым менің, құтқарушым да,Кімнен мен қорқамын солай болғанда?Жаратқан — өмірімнің берік қорғаны да,Кімнен үрейленемін солай болғанда? Өйткені жартасым, берік қамалымсың,Жетелеп бастай гөр ізгілігің үшін, Мен Жаратқан Иеге былай дейтін болам:Бас сауғалайтын панам әрі қорғаным,Сенімімді Саған артам, уа, Құдайым! Құлы Дәуіттің әулетінен бізгеМықты Құтқарушыны шығарады. «Мен Оған сенімімді арта беремін» және «Міне, Мен және Жаратқан Ие Маған сыйлаған (рухани) балалар мұндамыз!»
Выбор основного перевода