Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие тау басына от жалынына оранып түскендіктен, Синай тауын түгел түтін жапты. Таудан балқыту пешінен шыққандай түтін шығып, бүкіл тау қатты шайқалып тұрды. Найзағайы әлемді жарқыратады,Жер беті соны көріп, шайқалады. Бүкіл әлемнің Иесінің алдында,Жаратқан Иенің бет-жүзінің алдында,Балауыз іспетті ериді таулар сонда. Көкті қақ жарып, уа, Ием, төменге түсші,Түтін шықсын деп тауларға қол тигізші, Таулар Сені көргенде дүр сілкінді,Су тасқыны ағып өтіп лап берді,Түпсіз тұңғиық гүрілдеп күркіреді,Толқындары биікке көтерілді.
Выбор основного перевода