Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонан соң Құдай: «Теңіздер, көлдер және өзендер су жәндіктеріне толсын, әрі аспандағы әуе кеңістігінде құстар ұшып жүрсін!» — деп бұйырды. Осылай Құдай суды мекендейтін алып жануарларды, суда қаптап жүрген басқа да жануарлар мен жәндіктердің барлық түрін, сонымен бірге қанаттыларды да түр-түрімен жаратты. Құдай жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді. Оларға оң батасын беріп: «Өсіп-өніп көбейіңдер, теңіздерді толтырыңдар, құстар да жер бетінде көбейсін!» — деп бұйырды. Тағы да кеш түсіп, таң атты; бұл бесінші күн еді. Содан кейін Құдай: «Жер әр қилы тіршілік иелерін: малдар, бауырымен жорғалаушылар және аңдарды түр-түрімен шығарсын!» — деп бұйырды. Солай болды да. Құдай әр қилы аңдар мен малдарды және бауырымен жорғалаушыларды түр-түрімен жаратты. Ол жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді. Иеміз әділет пен әділдікті қалайды,Оның рақымына толы жердің барлығы. Уа, Құдай Ием, көп керемет жасадың,Біздің игілігімізді Сен ойлап тұрсың.Игі істеріңді айтуға тырыссам,Көптігі сонша, санауға жетпейді сан:Саған тең келе алмас бірде-бір жан! Сен жерді баптап суарып, құнартасың,Уа, Құдай, халықты нанға тойдыру үшінӨзендеріңді суға толтырасың,Жерді Өзің солай дайындайсың. Жердің негізін Жаратқан Ие салды даналықпен,Аспанды мықтап орнатты ақыл-парасатпен.
Выбор основного перевода