Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әрбір тірі мақұлықтың жаны да, әр адам баласының тіршілік лебі де Жаратқан Иенің қолында. Егер Ол өз рухын Өзіне қайтарып, тіршілік лебін қайтып алуды шешсе, онда бар адамзат бірден құрып, пенде атаулы топыраққа қайта айналар еді. Ал мені таудай нығайтқан Сенің рақымың.Кейін бет-жүзіңді менен жасырдың,Сонда мен қорқып уайымға салындым. Жаратқан Иені мадақтаңдар әрдайым!Мен жан-тәніммен Иемді мадақтаймын, Себебі сол уақыт келгенде топырақтан жаратылған денеміз топыраққа қайта айналып, жанымыз өзін сыйлаған Құдайға кері қайтады. Керісінше, Көктің Иесіне қарсы бас көтердіңіз! Оның киелі үйінен тонап алынған ыдыстарды алдыртып, солармен басшы-ұлықтарыңыз, әйелдеріңіз әрі кәнизактарыңызбен бірге шарап іштіңіз, оның үстіне күміс, алтын, қола, темір, ағаш және тастан жасалған, ештеңені көріп-естімейтін әрі түсінбейтін тәңірсымақтарды мадақтап отырдыңыз. Алайда өміріңіз бен барлық жолдарыңызды қолында ұстап отырған Құдайға ешқандай мадақтау айтқан жоқсыз!
Выбор основного перевода