Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені Ол бір-ақ сәт ашуланады,Ал рақымы өмір бойы ұласады.Кешке жылап-сықтау басым болады,Ал таң ата қуаныш тосып тұрады. Мен сондайларға мәңгі бақи ашуланбаймын, айып та тақпаймын. Әйтпесе адамның жаны алдымда әлсіреп, Өзім өмір лебін үрлеп жаратқан пенде құрып, жоқ болар еді. Сен әрдайым маған қаһарлана бермексің бе? Қаһарың мәңгілікке жалғаса бере ме?» деп жалынасың. Міне, осылай дей тұра, сен қиқарлықпен зұлымдықтың бәрін жасай бересің». Сондықтан бар да, солтүстікке қарай мына хабарды жарияла: Уа, тұрақсыз Исраил, Маған қайтып кел! Бұдан былай сендерге қабақ түйіп қарамаймын, өйткені Мен рақымдымын! — деп уәде береді Жаратқан Ие, — Менің қаһарым мәңгілікке ұласпайды. «Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың.
Выбор основного перевода