Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Егер Менің айтқандарыма құлақ асып, Маған ұнамды әділ іс істесеңдер, әрі өсиеттеріме ден қойып, барлық ережелерімді орындасаңдар, онда Мен мысырлықтарға жіберген індет-аурулардың бірде-біреуін сендерге жұқтырмаймын. Себебі Мен сендерді сауықтырушы Жаратқан Иемін. Ол берік мейірімін мыңдағандарға танытады,Өзіне қарсы шығып теріс қылықтардыЖасаған күнәкарды да кешіруге дайын тұрады,Ал (қасарысқанды) жазасыз қалдырмайды,Аталарының теріс қылықтары үшінЖазалайды балалары мен немерелерін,Тіпті шөберелері мен шөпшектерін». Бар күнәсінің құнын төлеп, ИсраилдіҚұтқарып Жаратқан Ие азат етеді. Елімізде тұратын бірде-бір жан енді қайтып: «Әлсізбіз» деп түңілмейді. Жерді мекендеген халықтың барлық күнәлары кешірілген болады. Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын! «Сауықтыра гөр мені, уа, Жаратқан Ие, сонда мен шынымен сауығамын. Өзің құтқара гөр мені, сонда мен шынымен құтқарыламын. Себебі Сені ғана мақтан тұтып дәріптеймін. Иса олардың сенімдерін көріп, сал адамға: «Балам, сенің күнәларың кешірілді!» — деді. Сондықтан саған айтамын: оның көптеген күнәларының бәрі де кешірілді, бұл оның зор сүйіспеншілігінен көрініп тұр. Ал кімге аз кешірілсе, сол азғана жақсы көреді. —
Выбор основного перевода