Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Мен сот жүргізетін күні олар Менің өз халқым әрі ерекше құнды меншігім болады, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. — Әке өзінің адал қызмет етіп келген ұлына мейірім көрсететініндей, Мен де оларға мейірім көрсетемін! Сонымен, өздерің күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды білсеңдер, көктегі Әкелеріңнің Өзінен сұрағандарға жақсылық жасайтыны ешбір шүбәсіз! Иса тағы мына әңгімені де айтып берді: «Біреудің екі ұлы болыпты. Кенжесі:— Әке, маған тиісті еншімді бөліп беріңізші! — дейді. Сонда әкесі ұлдарына мал-мүлкін бөліп береді. Көп уақыт өтпей кіші ұл бәрін жинап алып, алыс бір елге кетеді. Сол жерде ол азғындық жолға түсіп, еншісін шашып, ысырап қылады. Бәрін жұмсап бітірген кезде сол елде қатты ашаршылық болып, жігіт мұқтаждық көре бастайды. Елдің бір тұрғынына барып, жармасып жүріп, жалшысы болады. Сол оны даласына жіберіп, шошқаларын баққызып қояды. Жігіт шошқалар жейтін қабықтарды жеп тойсам деп аңсайтын, бірақ оған соны да бермепті. Сонда ол ақылға келіп, ішінен былай дейді: Әкемнің соншама көп жалшысы нанға тойып жүргенде, мен бұл жерде аштан өлетін болдым. Қой, жолға шығып, әкеме қайтып барайын: Әке, мен көктегі Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім. Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін. Мені жалшыңыздай қабылдасаңыз екен, — дейін. Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады. Ол әлі де алыста келе жатқанда, әкесі баласын көріп, оған жүрегі елжіреп, алдынан жүгіріп шығады. Оны құшақтап бауырына басады да, бетінен сүйеді. Баласы оған:— Әке, мен Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім. Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін, — дейді. Бірақ әкесі қызметшілеріне бұйырып:— Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп, балама жабыңдар! Қолына мөрлі жүзік, аяғына кебіс кигізіңдер! Сосын бордақыланған өгізшені әкеліп, сойыңдар, ішіп-жеп, көңіл көтерейік! Өйткені менің мына ұлым өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды! — дейді. Сөйтіп олар көңілді тойды бастап жібереді.
Выбор основного перевода