Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әулетінің ақсақалдары қасына келіп, «Орныңыздан тұрыңыз», — деп қаншама өтінсе де, ол тұрмай, тамақ та жемей қойды. Олар шөп сияқты жылдам солады,Көк шөптей тез қурап, өліп қалады. Өйткені мен бейшара, мүсәпірмін,Әрі жаралы — бойымдағы жүрегім. Жаратқан Ие ыстық лебін үрлесе, шөп қурап, гүлдер солып қалады. Шынында халық сондай шөпке ұқсайды! ал бай адам қарапайым дәрежесімен мақтансын. Өйткені пенде шөп арасындағы жабайы гүл іспетті бірден құрып кетпек. Күн шығып, аптап ыстық басқанда шөп қурап, гүл де солып, бар сұлулығынан айырылады. Дәл солай, бай адам да бұ дүниедегі іс-әрекетімен шұғылданып жүргенде-ақ қалжырап, құрып кетпек.
Выбор основного перевода