Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұзақ уақыттан кейін Мысырдың патшасы дүниеден қайтты. Ал исраилдіктер әлі де құлдықтан бейнет шегіп, күңірене күрсініп зарлап жатты. Олардың көмек сұрап жалбарынуы Құдайдың құлағына жетті. «Ертең осы уақытта саған Бунямин жерінен бір адамды жіберемін. Оған май жағу рәсімін жасап, оны меншікті халқым Исраилдің басшысы етіп тағайында! Ол халқымды філістірлердің қол астынан азат етеді. Халқымның қиналған айқайы құлағыма жетіп, оларға назар аударып келемін». Мінажатыма, уа, Ием, құлақ түрші,Көмекке шақырған даусымды естіші,Менің көз жасымды елемей жүрмеші,Себебі барлық ата-бабама ұқсаймын,Жат жерлік кірме болып Өзіңмен тұрамын. (Дәуіттің жыры.)Уа, Жаратқан Ием, дұғама құлақ салшы,Сенімдісің Сен, өтінішімді тыңдашы,Әділдігіңе сай маған жауап қатшы.
Выбор основного перевода