Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біреу мүйізді ірі қара не ұсақ мал ұрлап, сойып алса немесе сатып жіберсе, ол айып ретінде бір ірі қара үшін бесеуін, бір ұсақ мал үшін төртеуін төлесін. Біреу түнде бұзып кіріп жатқан ұрыға тап болып, оны ұрып өлтірсе, төгілген қан оның мойнына жүктелмейді. Ал егер оқиға жарықта болған болса, онда төгілген қан оның мойнында.Ұры ұрлаған заттардың орнын толтырсын. Егер ештеңесі болмаса, онда соларды төлеу үшін өзі басыбайлы қызметшілікке сатылсын. Егер ұрланған малдар, не мүйізді ірі қара, не есек, не қой-ешкі болсын, оның қолынан тірідей табылса, онда ол ұрлағандарын екі есе етіп қайтарып берсін.
Выбор основного перевода