Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда олар Құдайдың хабаршыларын мазақ қылып, сөздеріне күліп, пайғамбарларын келекелей берді. Ақыр соңында Жаратқан Ие өз халқына әбден қаһарланды. Оларды енді аман қалдырудың ешбір шарасы қалмады. Жорғалап жоқ болар ұлудай құрысын,Тасталған түсіктей күн көзін көрмесін! Қосылсаң оған, кенет пәлеге ұшырарсың,Кім білер Жаратқан мен патшаның үкімдерініңСондай бүлікшіні неге бұйыратындарын? Ескертуді тыңдамай, қасарысқан жанКенеттен күйреп, оңалмас содан. оларға былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Қыш құмыра сынған соң еш жөндеуге келмейтініндей, Мен де Яһуда мен Иерусалимнің халқын «сындырып» тастаймын. Олар өлгендердің мәйіттерін орын қалмағанша Топетте жерлейтін болады.
Выбор основного перевода