Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық асынан ішіп-жемейді де, Исраил халқы табынатын жалған тәңірлерге сиынбайды да. Ол өзгенің әйеліне барып неке адалдығын бұзбайды, етеккірі келіп жүрген әйелімен де жақындаспайды. Семсерге арқа сүйеп, жексұрын зұлымдық жасайсыңдар! Әрбіреуің көршіңнің әйелімен неке адалдығын бұзасыңдар. Сөйте тұра, сендер елдің тұрақты иелері бола бермексіңдер ме?! Некеге барлығың да құрметпен қарап, жар төсегін былғамаңдар! Азғындар және неке адалдығын бұзғандар Құдайдың сотына түспек.
Выбор основного перевода