Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тәңір суды бұлттарға жинайды, ал бұлттар судың салмағынан жарылып кетпейді. Жердің түп негізін орнатқанымда сен қайда жүрдің? Білгіш болсаң, түсіндірші! Үстінен жіп тартып, оның өлшемдерін орнатқан кім? Сен бұларды білесің ғой. Теңіз пайда бола салысымен дүлейлене жөнелгенде оны қақпалармен қоршап, шектеп қойған кім еді? Сол кезде Мен теңізге бұлттарды киім, қара түнекті жөргек еттім, Су үстінен «сарайыңды» бекітесің,Бұлттарды Өзің «мінер күймең» етесің,«Желдің қанаттары үстінде» жүресің. Желді етесің періштелеріңдей,От жалынын да өз нөкерлеріңдей. Кім теңізді алақанымен сарқып өлшеген,Аспанды қарысымен қамтып белгілеген?Кім жердің топырағын себетке салған,Тау-төбелерді де таразыға тартқан? Аспанды жасаған Жаратқан Ие — шынайы Құдай. Ол жерді де қалыптастырып, нығайтты. Оны ретсіз, бос тұру үшін емес, мекендеу үшін жаратты. Құдай былай дейді: «Мен Жаратқан Иемін, Менен өзге құдай жоқ! Көктен келген Билеушіден басқа ешкім көкке шыққан жоқ, (Ол — көкте тұрушы). Атқа мінгеннің көздері оттай жалындап, басына киген әлденеше патшалық тәждері болды. Оның киімінде Өзінен басқа ешкім де мағынасын біле алмайтын бір Есім жазылған еді,
Выбор основного перевода