Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Адамға күллі істері жөн іспетті,Ал Жаратқан Ие тексереді ой-ниетті. Жүрегімді таза ұстап, күнәсіз жүрдімДеп тайсалмай айта алар еді кім? «Тоқта, маған жақындама! Мен әулие адаммын», деп менменсиді. Мұндай адамдар Мен үшін ащы түтін әрі күн ұзағына бықсып жанған от сияқты жеркенішті. Парызшыл тұра қалып, іштей былай деп мінажат етеді: «Я, Құдай! Мен басқа адамдар сияқты қарақшы, жәбірлеуші, неке адалдығын бұзушы немесе ана салықшыға ұқсап күнәкар болмағаным үшін Саған ризашылығымды білдіремін. «Мен баймын, ауқаттымын, еш нәрсеге мұқтаж емеспін», — дейсің. Ал өзіңнің шынында сорлы бейшара, рухани жарлы, жалаңаш әрі соқыр екеніңді білмейсің!
Выбор основного перевода