Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сөйтіп, қаланың адамдары жетінші күні күн батпай тұрып Самсонға:— Балдан тәтті не бар? Арыстаннан мықты не бар? — деп шешуін айтып берді. Самсон оларға астарлап:— Менің қашарыммен жерді айдамасаңдар, жұмбақты шеше алмас едіңдер, — деп жауап қайырды. Біріншісінің сырт көрінісі арыстанға ұқсады, бірақ оның бүркіттің қанатындай қанаттары болды. Мен қарап тұрғанда қанаттары жұлынып тасталды. Айуан жерден көтеріліп, адам сияқты артқы екі аяғымен тұрғызылды. Бұған қоса оған адамдікіндей ақыл-сана да берілді. Жақыптың үрім-бұтағының тірі қалғандары халықтар арасында тұрып, орман аңдарының ішіндегі арыстандай, қойлардың ішіндегі жас арыстандай қуатты болады. Олар тарпа бас салып, айыра жыртқанда, ешкім араша бола алмайды. Сонда ақсақалдардың біреуі маған:— Жылама, қара: Дәуіт патшаның әулетінен, Яһуда руынан шыққан «Арыстан» жеңіске жетті! Оның сол жеті мөрді сындырып, кітапты ашып, оқуға билігі бар, — деді.
Выбор основного перевода