Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай Иең саған мұралық меншікке табыстап отырған елге енгеннен кейін бауырыңның жерін заңсыз иемденуге ұмтылма! Жеке өзіңе бөлінетін жер үлесіндегі бұрынғы ұрпақтар орнатқан шекара межелерін өз пайдаңа жылжытушы болма! «Көршісінің шекарасын белгілеген межетасты ұрланып жылжытқанды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. Зұлым адамдар меже тастарын жасырын жылжытып (өздерінің жерін басқаның есебінен ұлғайтып алады). Олар мал ұрлап, өз жайылымдарында бағып жүреді. Ежелгі межені жасырын жылжытпа,Жетімнің жеріне қолыңды сұқпа! Яһуда билеушілерінің іс-әрекеттері жер үлестерінің межелерін құпия өзгерту сияқты сұмдық болып кетті. Сондықтан оларға қаһарымды тасқын судай жаудырамын.
Выбор основного перевода