Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жат жұрттықты да, жетімді де құқықтарынан айырма! Қарыздар жесірдің киім-кешегін кепілдікке алма! Оның балалары амандықтан аулақ жүр. Сотта оларды қыспақтайды, ал арашалайтын ешкімі болмайды. Немесе қызметшілерім шағымданып, мен олардың ақыларын жеп қойған болсам, Егер соттың маған болысатынына сенімді болып, жетімге қарсы қолымды созып зорлық жасасам, Баюы үшін кедейге жәбір көрсететінӘрі байға сыйлықтар бере беретінАдам болады кедейленетін. Жетім-жесірлерге әрі жат жұрттық пен жарлы-жақыбайға зорлық-зомбылық жасамаңдар! Бір-біріңе қарсы зұлымдық ұйымдастырмаңдар!» «Сондықтан Мен сендерді тергеп соттау үшін жақындап келемін. Мен сиқыршыларға, неке адалдығын бұзушы мен ант бұзушыларға, жұмыскерлердің ақысын жеп, жетім-жесірлерге зорлық-зомбылық жасап, жат жұрттықтарды құқықтарынан айырғандарға қарсы куәлік келтіріп, әшкерелеуге ынтызармын», — деп нық айтады Әлемнің Иесі.
Выбор основного перевода