Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені ол кедейді қанап, шарасыз жағдайында қалдырып кететін, өзі салмаған үйлерді тартып алатын. Ашқарақтығы маза бермейтіндіктен, өзі сүйсінетін нәрселерінің ешқайсысын сақтап қала алмайды. Жеп болған соң, басқа ештеңесі қалмайды. Сондықтан зұлымның дәулеті тұрақты болмайды. Дәулетке кенеліп отырған кезінде басына пәле түседі. Өкпелеген әркім оған қарсы қолын көтереді. Арсыздың қарнын толықтай толтыру үшін, Құдай лаулаған қаһарын оған бағыттап, пәлені жаңбырдай лақ еткізіп төгеді. Жарлыны қанаған — Жаратушысын менсінбеген,Жарлыны қамқорлаған — Жаратушысын қастерлеген. Сендер кедейлерді басып-жаншып, олардан алым ретінде мол астық жинайсыңдар. Сондықтан қашалып өңделген тастан үйлер салсаңдар да, оларда тұрмайсыңдар! Жүзімдіктер отырғызсаңдар да, солардың өнімдерінің рақатын көрмейсіңдер!
Выбор основного перевода