Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқанның тауына кімнің шығуына болады,Оның киелі орнында кімнің тұруына болады? Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады,Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады. Сонда өмір жолыңда алаңсыз жүрерсің,Аяғың тайып, сүрініп те кетпессің, Қулықпен жасырса да өшпендігін,Жиында болар әшкереленетін. Мінсіз жүрген жан пәледен аман болар,Бұрыс жолмен жүрген бірден құлап қалар. Тек әділ жолмен жүріп, шындықты айтатындар, зорлықпен пайда табудан бас тартып, пара алуға қол созбайтындар, әрі қан төгуді көздегендерге құлақ аспай, басқа да жауыз істерге қызықпайтындар ғана аман қала алады. Мұндайлар зәулім жартасты не мықты қорғанды паналағандай қауіпсіз болмақ. Оларға жейтін тамақтары беріліп, ішетін сусындары да таусылмас. Сол сияқты, кейбіреулердің игі істері де айқын көрінеді. Ал ашық білінбейтін іс-әрекеттер де жасырын қала алмайды.
Выбор основного перевода