Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Есті адам байыппен сөйлер,Ұғымды жан байсалды жүрер. Егер Құдайға уәде берген болсаң, оны орындауды кешеуілдетпе. Солай еткен ақымақтарға Ол риза болмайды. Нені уәде еткен болсаң, соны орында! Әйтсе де ол айтар сөздерін көбейтер.Ал болашақтағы жайттарды кім білер,Кейін не боларын адамға кім айтып берер? Сендерге шын айтамын: адамдар өздері айтқан әрбір жағымсыз сөздері үшін қиямет сотында жауап береді. Сол кезде сендер айтқан сөздеріңе сай не ақталатын, не айыпталатын боласыңдар. Ал енді, сүйікті бауырластарым, мынаны ескеріңдер: «Әркім тыңдауға жүйрік, ал сөйлеуге шабан, ашулануға баяу болсын». Бәріміз де көп қате жібереміз. Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол — денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам.
Выбор основного перевода