Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ондайлар қашан жел қуған сабандай, не дауыл соғып, ұшырып әкеткен қабықтай болған еді? Мұқтажға қарыз бергенде өсімін алмайды,Пара алып жазықсыз жанды қараламайды.Мұны істеуші нық тұрып мәңгі шайқалмайды. Енді міне, ол уақыты өтіп жоқ болған,Іздесем де, оны мүлдем таба алман. Тікенді бұтақ жанған от үстіндегіҚазанның тез қайнайтыны секілді,Құдайдың қаһары сол тірілердіҚұйындай көтеріп алып кетеді. Зұлым құлап, із-түзсіз жоқ болар,Әділдің шаңырағы берік тұрар. Арамза өз күнәсінен опат болар,Ал әділдің өлерде де үміті бар. Осы айтқандарымды тыңдап, оларды орындаған әркім үйін берік тастың үстіне қалап салған көреген адамға ұқсас болады. Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, ол құламайды. Себебі оның іргетасы берік тасқа қаланған. Алайда осы айтқандарымды естісе де, орындамаған әркім үйін құм үстіне салған ақымаққа ұқсайды. Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, ол опырылып құлап қалады. Бұдан былай сенің атың Петір («Тас») болады. Осы іргетастың үстіне Мен Өзіме сенушілердің қауымын саламын. Оны өлімнің күштері де жеңе алмайтын болады.
Выбор основного перевода