Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса таяғын аспанға қарай созғанда, Жаратқан Ие күн күркіретіп, бұршақ жаудырып, жерге найзағай түсірді. Осылайша Жаратқан Ие Мысыр елін бұршақтың астына алып, бұршақ жерге үздіксіз төпелеп, арасында найзағай жарқылдап тұрды. Бұршақтың мұндай күшті жауғанын Мысыр халқы ел болып, басы біріккелі көрген емес. Сонда Құдайдың көктегі киелі үйі ашылып, ондағы Келісім сандығы көрінді. Найзағайлар жарқылдап, қатты дауыстар мен күн күркірі естіліп, жер сілкініп, бұршақ қатты жауды. Олар қатты аптапқа күйіп, осы пәлелерге билік жүргізетін Құдайдың атына тіл тигізді. Бірақ олар өкініп, теріс жолдарынан қайтпады, әрі Тәңір Иені даңқтап, Оған лайықты құрмет көрсетпеді. Алайда олар өздерінің жаман қылықтарына өкініп, қайтпады; керісінше, аурулары мен іріңді жараларына бола көктегі Құдайға тіл тигізді.
Выбор основного перевода