Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Қолыңды аспанға қарай соз, сонда Мысырды көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Керісінше, олар зор қысымшылық көріп, ашығып, жер-жерде қаңғырып жүретін болады! Аштықтан қиналғанда олар қатты ашуланып, өздерінің патшасы мен Құдайына тіл тигізеді. Содан олар аспан мен жерге көз салып, тек қайғы-қасірет, қара түнек пен үрейлі қараңғылықты ғана көреді-ау! Олар әбден түңіліп, қара түнекке қуылады.Алайда қазір қысымшылық көріп жатқан жерде ұдайы қараңғы бола бермейді. Тоқты бесінші мөрді сындырып ашқанда, мен құрбандық үстелінің астыңғы жағынан Құдайдың хабарын жариялап, сенімдеріне адал қалғандары үшін шейіт болғандардың жандарын көрдім. Олар қатты дауыспен:— Уа, киелі де шынайы Билеуші! Қашанғы Сен жер бетіндегі адамдарды соттамай, төккен қанымыздың құнын талап етпей жүресің?» — деген сұрақ қойды. Олардың әрбіреуіне (ақталу белгісі ретінде) ақ шапан жабылып:— Сендер сияқты шейіт болуға тиісті қызметтестерің мен бауырластарыңның саны толық болғанға дейін біраз уақыт тынышталып күте тұрыңдар, — деген жауап берілді.
Выбор основного перевода