Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұнан соң Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Перғауынға барып, сөзімді жеткіз: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Маған ғибадат ету үшін халқымды жібер! Егер одан бас тартсаң, бақалар қаптатып, бүкіл өлкеңе залал келтіремін. Нілде бақалар құжынап, олар судан шығып, сарайыңа, ұйықтайтын бөлмеңе, тіпті төсегіңе дейін кіріп кетпек. Олар уәзірлеріңнің сарайлары мен бүкіл халқыңның үйлерін де, пештерің мен қамыр ашытатын ыдыстарыңды да жайлайды. Өзіңнің, халқыңның және бүкіл нөкерлеріңнің үстеріңде бақалар секіріп жүрмек». Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тағы да былай деп бұйырды:— Һаронға мынаны айт: «Қолыңа таяғыңды ұстап, өзендер, арықтар және тоғандарға қарай көтеріп тұр да, бақаларды шығарып, Мысыр елін бақаға қаптат». Һарон қолын Мысырдың суларына қарай көтергенде олардан бақалар шығып, елді жайлап алды. Балаларым менің, қазіргі уақыт — осы заманның соңғы дәуірі. Сендер Мәсіхке қарсы шығатын біреу келеді деп естідіңдер, ал қазірдің өзінде де Мәсіхке қарсы шығатын адамдар көп. Біз осыдан-ақ соңғы дәуірдің келгенін біле аламыз. Аспанда тағы басқа бір ғажап көрініс пайда болды: бұл жеті басты, он мүйізді, әр басында тәжі бар оттай қызыл алып айдаһар екен. Айдаһар әйелге долданып, оның өзге де ұрпақтарымен, яғни Құдайдың бұйрықтарына бағынып, Исаның шынайы хабарына адал болып жүргендерімен, шайқасуға аттанды.
Выбор основного перевода