Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оларға төге гөр өз қаһарыңды,Һәм қуып жетсін ашуыңның жалыны, Жаратқан Иенің сөзін терең қастерлеп, орындайтындар, Оның мына айтқандарына ден қойыңдар:— Сендерді Маған бола жек көріп, шеттетіп келген бауырластарың: «Жаратқан Ие Өзінің салтанатты ұлылығын паш етіп алсын! Мүмкін, сонда қуанғандарыңды көретін шығармыз» деп мысқылдап жүр. Бірақ олар өздері масқара болады! Қаһарыңды Өзіңді танып мойындамайтын ұлттарға, есіміңді атап сиынбайтын тайпаларға төкші! Өйткені олар Жақыптың елін жалмап жеп қойды. Олар оны біржола құртып, жайлы мекенін қиратып, бос қалдырды». Сондықтан Менің орнымнан тұрып, осы халықты айыптайтын күнімді күтіңдер! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Мен халықтар мен патшалықтарды жинап, оларға ашу-ызамды төгіп, лаулаған қаһарымды лап еткізуді шештім. Сол кезде бүкіл дүние Менің қаһарымның отына шалынып, жанып кетеді».
Выбор основного перевода