Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқанның қолында «қаһарлы тостаған»,Іші дәмдеуіштермен араласқанКөпірген «жаңа шарапқа» толған.Оны құйып береді Жаратқан,Бар зұлымдар ішуге тиіс содан,Сарқып ішеді тіпті ашытқысынан. Амос ұлы Ишая Бабыл қаласы туралы көрініс көріп, мына ауыр хабарды алды: Ай күндей нұрлы, ал күн әдеттегіден жеті есе артық сәуле шашып, жеті күнгі нұр бір күні жайнағандай болмақ. Жаратқан Ие өз халқының сынған сүйектерін таңып, Өзінің оларды жазалағанда жарақаттаған жерлерін сауықтыратын кезде осылай болады. Оян, орныңнан тұр, Иерусалим! Сен Жаратқан Иенің қаһарына әбден ұшырадың. Сол қаһары шарапқа толы тостағанға ұқсады. Оны түбіне дейін тауысып ішіп, мас болғандай теңселіп жүрдің. Жаратушы Тәңір Иең, өз халқын қорғаушы Құдайың, былай дейді: «Мен қаһарыма толы тостағанымды қолыңнан қайтарып аламын. Одан ішкенде сен теңселіп, әбден әлсіреген едің. Мен сол қаһарымнан бас тартып, енді қайтып оны саған төкпеймін. Өйткені Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие маған былай деп бұйырды:— Ернеуіне дейін «қаһарымның шарабына» толған мына «тостағанды» ал да, Өзім сені жіберетін халықтардың бәріне содан «ішкіз!» Набуходоносор туралы айтылған осы бұйрық сол сәтте-ақ орындалды. Ол адамдардың арасынан аластатылып, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, денесі шыққа малынып тұрды. Содан шаштары бүркіттің қауырсынындай, тырнақтары құстың шеңгеліндей болып сойдиып өсіп кетті. Дәл сол сәтте болған қатты жер сілкіністен қаланың оннан бір бөлігі талқандалып, жеті мың адам қырылды. Ал қалған халықты қатты қорқыныш билеп, олар көктің Иесі — Құдайдың даңқын мадақтады. Екінші ерекше періште оған ілесіп мынаны хабарлады:— Ол құлады: Ұлы Бабыл қаласы құлады! Ол күллі халықтарға өзінің жынды қылатын «азғындығының шарабынан ішкізіп» келді! — бәрі де Құдайдың ашу-ызасының «шарабынан ішуге» тиісті болады! Осы «шарап» Құдайдың қаһарының «тостағанына» еш сумен араластырылмай таза күйінде құйылды. Сол адамдар Құдайдың қасиетті періштелері мен Тоқтының алдында сотталып, күкіртпен жанып тұрған отта азапталмақ. Құдай тағының қасындағы төрт нөкердің біреуі осы жеті періштеге жеті тостағанды берді. Тостағандар мәңгілік жасайтын Құдайдың қаһарына толы еді.
Выбор основного перевода