Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдайда әрдайым жарық нұр болады,Ол құпия, көмескі жайттарды ашады,Түнектегілерін де анық ұғады. Содан кейін Иса Өзін шақырған үй иесіне қарап былай деді:— Түскі немесе кешкі қонақасы бергенде дос, бауыр, туысқандарыңды, я болмаса бай көршілеріңді шақырма. Себебі олай етсең, олар да сені қонаққа шақырып, есесін қайтармақ. Керісінше, той жасағанда дастарқаныңа жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды шақыр! Олар саған есесін қайтара алмайтындықтан бақытты боласың. Әділдер қайта тірілетін қиямет күні саған соның есесі қайтарылатын болады, — деді. Сендерден сәлем-сауқат дәметпеймін, менің үміттенетінім — осылар үшін өздеріңе қайтатын жарылқау мен сауап. Сендер жібергендердің бәрін де алдым, енді артығымен жетіп жатыр. Епафродит сәлемдемелеріңді әкеліп бергелі қажетті нәрселерім ағыл-тегіл. Олар — Құдай ұнатып қабылдайтын хош иісті тартулар мен құрбандық іспетті. Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады. Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар! Себебі осының ақысы ретінде сендер Иемізден Оның уәде еткен игіліктерін қабылдайтындарыңды білесіңдер. Қызмет ететін Қожайындарың — Мәсіхтің Өзі ғой. Иеміз Онисыфордың үй ішіне мейірімін сыйлай көрсін. Онисыфор әлденеше рет көңілімді көтеріп, жігерлендіріп, бұғауда отырған жағдайыма ешқандай ұялмады. Керісінше, Римде болғанда ерінбей-жалықпай мені тапқанша іздеді. Иеміз қайта оралатын күні оған мейірімін көрсете көрсін! Онисыфор маған Ефесте де қаншама қызмет еткенін өзің жақсы білесің ғой.
Выбор основного перевода