Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Даналар аспан кеңістігі сияқты нұрланады, көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келген олар жұлдыздар сияқты мәңгі бақи жарқырап тұратын болады. Қуана шаттаныңдар,себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр!Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған. Бір пайғамбарды Құдайдың хабаршысы болғандықтан қабылдағандар сол пайғамбар алатын сыйға ие болады, әрі әділ кісіні әділ болғаны үшін қабылдағандар соның алатынындай сыйды иемденеді. Сендерге шындығын айтайын: атақ-шені жоқ осылардың біреуіне Менің шәкіртім болғаны үшін ең болмағанда бір тостаған салқын су берген әркім сол үшін алатын сыйынан құр қалмайды! Олар барлық діни жоралғыларды жұрттың көзіне түсу үшін ғана орындайды. Маңдайлары мен қолдарына байлайтын, Таурат аяттары жазылған қайыс қалталардың көлемін үлкейтіп, шапандарының шашақтарын ұзартады. Кімнің салғаны отқа өртенбей аман қалса, сол сыйын алады.
Выбор основного перевода