Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Жаратқан Ие, Саған тән — ұлылық,Құдірет, салтанат, жеңіс пен нұрлылық!Меншігің — көк пен жердегілер барлық!Һәм Сенікі, уа, Иеміз, патшалықӘрі баршаға деген басшылық! Дәулет пен құрметтің көзі Сенсің,Бүкіл әлемге билік жүргізушісің!Бәрін жоғарылатып, күшейтетінҚұдірет пен билік қолыңда Сенің. Сонымен енді, я, Құдайымыз,Саған шүкіршілік айтудамыз,Ұлы атыңды мадақтаудамыз! Азғырылмау үшін сергек болып, сиынып мінажат етіңдер! Рух дайын болғанмен, тән осал», — деді. Сол жерге жеткеннен кейін Иса оларға: «Азғырылмау үшін сиынып мінажат етіңдер!» — деп тапсырды. Бұдан былай Мен осы дүниеде қалмай, Саған бара жатырмын. Бірақ олар осы дүниеде қалады.Киелі Әке, Маған берген есіміңнің құдіретімен шәкірттерімді қорғай гөр. Екеуіміздің біртұтас екендігіміздей, олар да біртұтас болсын. Сенен оларды осы дүниеден әкете гөр деп емес, әзәзіл шайтаннан қорғай гөр деп сұрап тұрмын. Ал Жаратқан Ие сенімді, Ол сендерге күш-жігер беріп, әзәзілдің әрекетінен сақтайды. Иеміз мені болашақта да жамандық атаулыдан сақтап, Өзінің көктегі Патшалығына апармақ. Оның ұлылығы мәңгі мадақтала берсін! Аумин. Күнәға еліккен ешқайсың да: «Құдай мені еліктіреді» деп айтпаңдар! Құдай күнәға еш елікпейді де, ешкімді еліктірмейді де.
Выбор основного перевода