Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Еремия Седекияхқа былай деп жауап берген еді:— Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді: «Қазір саған ағаң Шаллумның ұлы Ханамил келіп, мынадай өтініш жасамақ: Сіз менің қамқоршы бола алатын ең жақын туысқанымсыз. Сондықтан менің Анатоттағы егістігімді сатып алып, әулетіміздің одан айырылып қалуын болдыра көрмеңіз». Мұнан кейін дәл Жаратқан Ие маған білдіргендей менің немере інім Ханамил қарауылдар ауласына келіп, маған: «Бунямин жеріндегі Анатоттың маңындағы егістігімді сатып алыңыз. Оны қамқоршы ретінде сатып алып, иемденіп алуға құқығыңыз бар ғой!» — деді. Бұдан мен естіген хабарымның Жаратқан Иеден екенін шүбәсіз білдім. Осылай мен Анатоттағы егістік танабын немере інім Ханамилден сатып алып, ол үшін он жеті мысқал күміс төлеуге келістім. Содан соң мен: «Егер құп көрсеңдер, менің ақымды беріңдер, құп көрмесеңдер, мейлі, төлемей-ақ қойыңдар!» — дедім. Олар маған отыз мысқал күмісті таразыға тартып өлшеп берді. Жаратқан Ие маған мынаны айтты: «Мен үшін белгіленген «керемет жоғары» бағаны алып, құмырашыға қарай лақтырып таста!» — Сонда мен отыз мысқал күмісті Жаратқан Иенің киелі үйінде құмырашыға қарай лақтырып тастадым. Содан кейін Мәсіх Иса: «Сендермен бірге жүрген кезімде өздеріңе айтқан сөздерім мынау болатын: Мұсаның Таурат кітабында, Пайғамбарлардың жазбаларында және Забурда Мен туралы жазылғандардың бәрі орындалуға тиіс, — деп,
Выбор основного перевода