Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оған сол себептен көптеген адамдарды табыс етемін. Ол билік иелерін де олжалайды. Себебі Қызметшім жанын өлімге қиып, қылмыскерлердің қатарында саналды. Ол бірақ көптеген адамдардың күнәларын өз мойнына алып, қылмыскерлердің кешірілуі үшін ара түсті». Қасынан өтіп бара жатқандар Исаға тіл тигізді. Олар бастарын шайқап: Көргендердің бәрі келекелейді,Басын шайқап, балағаттап былай дейді: «Ол Жаратқанға үмітін артқан екен,Сол оны аман қалдырсын пәледен!Жаратқан Ие разы болса оған,Құтқарып алсын оны қиындықтан!» Енді алыстай көрме менен Өзің.Себебі азап-бейнет қалды таяп,Қол ұшын берерім жоқ мені аяп. Сүзеген бұқадай жау алды қоршап,Башандық бұқадай жан-жақтан қыспақтап, Ақырған арыстандай жемге құмартып,Аранын ашады, маған қарсы шығып. Мен келекеге айналдым жұрт үшін,Көрсе мені шайқайды олар бастарын. Өткен-кеткеннің бәрі қол шапалақтауда,«Мінсіз әсем, бар жердің қуанышы деген қалаОсы ма?» — деп ысқыра бастарын шайқауда.
Выбор основного перевода