Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол зорлық көріп қиналды, алайда аузын ашпады. Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын қой секілді тіс жармады. Бірақ Иса үндемеді. Сонда бас діни қызметкер Оған:— Мәңгі тірі Құдайдың алдында ант етіп, бізге айтып бер: Сен Құдайдың рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деген сұрақ қойды. Алайда Иса олардың бірде-бір сөзіне жауап қайтармады. Оның бұлай істегеніне әмірші қатты қайран қалды. Ирод Исаға көптеген сұрақтар қойды, бірақ Ол еш жауап бермеді. Сарайға қайта кіріп, Исадан:— Сен қайдан шыққансың? — деп сұрады. Бірақ Иса оған жауап берген жоқ.
Выбор основного перевода