Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сен білесің қандай қорлық көргенімді,Ұятқа қалып, жапа шеккенімді,Көріп алдың бар дұшпандарымды. Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де бағалаған жоқпыз. «Яһудилердің жаңа туған Патшасы қайда екен? Біз Оның жұлдызының шығыс жақтан туып, жарқырағанын көрдік. Жаңа туған Патшаға ізет білдіру үшін келіп тұрмыз», — деп сұрастыра бастады. Сол уақытта Иса римдік әміршінің алдында тұрған еді. Ол Исаға:— Сен «Яһудилердің Патшасысың» ба? — деген сұрақ қойды. Иса:— Өзіңіз айтып тұрсыз, — деді. Оған тағылған айып: «Бұл — Яһудилердің Патшасы Иса» деп бір тақтайшаға жазылған болатын. Жасақшылар тақтайшаны Исаның басынан жоғары айқыш ағашқа бекітіп қойған еді. Пилат оларға жауап беріп:— Сендерге «Яһудилердің Патшасын» босатып беруімді қалайсыздар ма? — деген сұрақ қойды. Пилат оларға:— Ендеше, сендер «Яһудилердің Патшасы» деп атаған Адамға не істеуімді қалайсыңдар? — деген сауал қойды. Мұнан кейін олар: «Яһудилердің Патшасы жасасын!» — деп Оған сәлем бере бастады. Оған тағылған айып «Яһудилердің Патшасы» деп бір тақтайшаға жазылған еді. «Егер Яһудилердің Патшасы болсаңыз, Өзіңізді құтқара көріңіз!» — деп Оны табалады. Исаның басынан жоғары айқыш ағашқа «Бұл — Яһудилердің Патшасы» деп (грек, латын және еврей тілдерінде) жазылған тақтайша бекітілген болатын. Ал Құтқарылу мейрамында өз салттарың бойынша сендерге бір тұтқынды босатып жіберемін. Енді «Яһудилердің Патшасын» босатып беруімді қалайсыңдар ма? — Олар Исаның қарсы алдына тұра қалып: «Яһудилердің Патшасы жасасын!» — деп, шапалақпен бетінен ұра берді. Пилат тақтайша жасатып, айқыштың жоғарғы жағына бекіттірді. Оның бетінде «Назареттік Иса — Яһудилердің Патшасы» деп жазылған еді. Ал яһудилердің басты діни қызметкерлері Пилатқа былай деді:— «Яһудилердің Патшасы» емес, «Мынау Яһудилердің Патшасымын деді» деп жазыңыз!
Выбор основного перевода