Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер біреу үйленіп, кейін әйелінің бір масқарасын ашып, оны жақтырмай кетсе және оған ажырасу қағазын жазып беріп, үйінен шығарып жіберсе, ал әйел сол үйінен кеткеннен кейін басқа біреуге тұрмысқа шығып, айталық, екінші күйеуі де оны жаратпай, ажырасу қағазын жазып беріп, үйінен шығарып жіберсе я болмаса қайтыс болса, онда бірінші күйеуінің сол әйелге қайтадан үйленуіне болмайды. Өйткені әйел бірінші күйеуі үшін арамданған болып саналады. Бұндай әрекетті Жаратқан Ие әбден жек көреді. Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе мұралық меншікке табыстап отырған елін осылай істеп күнәмен масқараламаңдар! «Кім әйелімен ажыраспақ болса, оған арнайы куәлік қағазын беруге тиіс» деген бұйрық та берілген.
Выбор основного перевода