Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қайта, өздеріңе байлықты көкте жинаңдар! Сол жерде оны не күйе жемейді, не тот та баспайды, ұры да бұзып кіріп, ұрлап кетпейді. Оны бір жылдық жалақыдан да артық бағаға сатып, түскен ақшаны мүсәпірлерге үлестіруге болатын еді ғой!» — десіп, әйелді сөгіп тастады. Мал-мүліктеріңді сатып, мұқтаждарға үлестіріңдер! Осылай өздеріңе «тозбайтын қалта» жасап, таусылмайтын байлықты көкте жинаңдар. Сол жерде оған ұры да жақындамайды, күйе де жемейді. Сендерге шын айтамын: осы күнәкар дүниелік байлықтарыңмен жақсылық жасап, өздеріңе достар табыңдар! Сонда бұ дүниеден қайтқан кездеріңде көктегі мәңгілік мекендердің есігі сендер үшін айқара ашық болады. — Неліктен осы иісмайды сатып, түскен ақшаны мүсәпірлерге үлестіріп бермеген? Оның бағасы бір жылдық жалақыға тең емес пе?! — деп наразылық білдірді. иеліктеріндегі жер танаптары мен дүние-мүліктерін сатып, содан түскен қаржыдан әркімге керегінше беріп отырды.
Выбор основного перевода