Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ата-анаңды сыйла!Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе. Кісі өлтірме! Неке адалдығын бұзба! Ұрлық жасама! Ешкімді бекерге айыптама! Құдай Иең саған өсиеттегендей, ата-анаңды сыйла!Сонда Құдай Иең өзіңе табыстайтын елде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың. Кісі өлтірме! Неке адалдығын бұзба! Ұрлық жасама! Ешкімді бекерге айыптама! «Неке адалдығын бұзба; кісі өлтірме; ұрлық жасама; басқаның иелігіне сұқтанба!» және тағы басқа бұйрықтар Таурат заңында былай деп тұжырымдалған: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» Тауратта «Неке адалдығын бұзба!» деп бұйырған Тәңір Иеміз «Кісі өлтірме!» деп те айтты. Егер де неке адалдығын бұзбай, кісі өлтірсең, бәрібір Құдайдың заңын бұзушы болып табыласың.
Выбор основного перевода